Алматыда «Қазақстан барысы» турниріне бөлінген қаржы тексеріліп жатыр
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде
Алматыда «Қазақстан барысы» турниріне бөлінген 1,075 млрд теңгенің жұмсалу заңдылығы тексеріліп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу аясында «Қазақстан барысы» қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығы тексеріліп жатыр. Басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етуге жатпайды.
«Қазақстан Барысы» турнирі республикалық деңгейдегі алғаш рет 2011 жылдың тамыз айында Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтті.