×

EURO-2024: Қазақстан құрамасы қатарынан үш матчта жеңіске жетті

Ұлттық құрама турнир кестесінде екінші орынға көтерілді

 Халық үні 20.06.2023 | 09:47
фото: uefa.com

2024 жылы өтетін футболдан Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне іріктеу сынында Қазақстан құрамасы төртінші матчын сырт алаңда Солтүстік Ирландияға қарсы өткізді.

Қазақстан құрамасы қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Матчтың 88-минутында Абат Айымбетов ұлттық құрама сапындағы сегізінші голын салып, Қазақстан құрамасы маңызды жеңісіне жетті.

H тобындағы басқа командаларға келетін болсақ: Финляндия құрамасы Сан-Мариноны 6:0 есебімен жеңіп, Словения мен Дания құрамалары 1:1 есебімен тең түсті.

Енді қазақстандық футболшылар 7 қыркүйекте өз алаңында Финляндияға қарсы, 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландияға қарсы матч өткізеді.

Қазақстан құрамасы осымен үшінші ойын қатарынан жеңіске жетті. Euro-2024 іріктеуінде алғашқы матчта Словения құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп, одан кейін Дания (3:2), Сан-Марино (3:0), Солтүстік Ирландия (0:1) құрамаларынан басым түсті.

Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Ирландияны жеңгеннен кейін турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама