Талдықорған маңында көлік апатынан екі адам қаза тапты

Динара Амантай

Сотқа дейінгі тергеу ісі басталды

Фото: polisia.kz

Талдықорған маңында көлік апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Талдықорған – Үштөбе айналма жолында Mitsubishi Pajero автокөлігі КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан. Mitsubishi Pajero-ны 32 жастағы ер адам жүргізген Ол жолаушысымен бірге оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ 34 жастағы әйел түрлі жарақатпен қалалық ауруханаға жатқызылды.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.