×

Астанаға жақын жерден өрт шықты (ВИДЕО)

Төтенше жағдайлар департаменті қураған ағаштың өртеніп жатқанын анықтады

 Дастан Жұмабекұлы 19.06.2023 | 13:28
фото: ашық дереккөз

Таңертең сағат 09.12-де Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментіне қалаға жақын жерде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына барғанда Қорғалжын тасы жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жолдың арасында қураған ағаштың өртеніп жатқанын анықтады.

Қазір жеке құрамның 15 маманы мен 3 техникасы өртті сөндіріп жатыр, – делінген хабарламада.

Соңғы мәліметке қарағанда, өрт 15 га жерді алып кеткен. Қазір өрт сөндірушілер жел мен батпақты жер біршама қиындық тудырып жатыр. 

Өрт сөндіруге 140 адам мен Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 21 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, өрт сөндіруге қала әкімдігінің 8 суару және «Астана Орманы»  ЖШС-нің 18 техникасы жіберілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама