×

Астанада жартылай марафон өтіп жатыр

Қатысушылар 10 және 21 шақырым қашықтықта жүгіреді

 Ербол Тұрымбет 18.06.2023 | 12:06
Фото: gov.kz

Елордада спорт әуесқойларына арналған ең ірі жүгіру жарыстарының бірі – Astana Half Marathon өтіп жатыр. Спорттық шара EXPO халықаралық көрме орталығында басталды.

Онда әлемнің 20-дан астам елінен 6 мыңнан астам әуесқой спортшы бағын сынап жүр. Astana Half Marathon – жүгіру жарысына қатысушылар үшін өздерінің жеке рекордын орнатудың тамаша мүмкіндігі. Осыған дейінгі жартылай марафондағы трасса рекорды татарстандық Ринас Ахмадеевке тиесілі. Ол 2022 жылы 1 сағат 2 минут 54 секундта жүгіріп өткен еді.

Жартылай марафонының (21 км) абсолюттік біріншілік жеңіпаздары ақшалай сыйлық, мақтау қағазы, медаль және бағалы сыйлық алады. Жартылай марафонның (21 км), 10 км жүгіру жарыстарының жас санаттарындағы жеңімпаздары мақтау қағазы, медаль және бағалы сыйлық алады.

Сондай-ақ, экиден командалық эстафетасы жарысының абсолюттік біріншілік жеңіпаздары ақшалай сыйлық, кубок, мақтау қағазы, медаль және бағалы сыйлық алады. Мәреге жеткен барлық қатысушыларға естелік медаль беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама