×

Астаналықтар халықаралық йога күнін атап өтті

Қазақстан мен Үндістан арасындағы саяси және мәдени байланыс нығайып келеді

 Дәурен Ерболат 17.06.2023 | 16:33
Фото: Үндістан елшілігі

Елорада халықаралық йога күнін атап өтілді, деп хабарлады Үндістан елшілігінің баспасөз қызметі.

Astana Ballet театры алаңында өткен іс-шараны Қазақстандағы Үндістан елшілігі, Мәдениет және денсаулық сақтау министрліктері, Свами Вивекананда атындағы мәдени орталық ұйымдастырды.

Оған Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев, Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, Астана қаласы әкімдігі Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов, Қазақстандағы Үндістан елшісі Шубхдаршини Трипати қатысты.

Халықаралық йога күнін атап өту маңызды. Себебі, йога адамға тыныштық пен бақыт сыйлайды. Мұны ескерсек, бұл күнді мерекелеу қос ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. Қазақстан мен Үндістан көптеген салада маңызды серіктес. Іс-шараны ұйымдастыруға көмектескен қала әкімдігіне, полицияға, Мәдениет және спорт министрлігіне, Astana Ballet театрына алғыс айтамын, - деді елші.

Вице-министр Бейбіт Есенбаев қос ел арасындағы достық байланыстың нығайғанын атап өтіп, йога күні халықты біріктіргенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама