Halyq Uni логотип
×

«Жылап тұрған екі сарбазды көрдім». Әскерде көз жұмған маңғыстаулықтың анасы істі соңына дейін жеткізбек

Әскерге шақырылған маңғыстаулық сарбаз төрт күннен кейін қайтыс болды

 Қымбат Елтайқызы 24.04.2022 | 03:30
«Жылап тұрған екі сарбазды көрдім». Әскерде көз жұмған маңғыстаулықтың анасы істі соңына дейін жеткізбек
фото: inaktau.kz

Қорғаныс министрлігі таратқан ресми мәлімдеме бойынша, 2022 жылғы 22 сәуірде Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде қатардағы жауынгер Әлібек Қалбай қайтыс болды. Таңертең сапта тұрған жауынгер кенеттен есінен танып қалған. Әскери қызметшіге қажетті медициналық көмек көрсетілгенмен, ол есін жимаған күйі көз жұмған.

Алайда, Әлібектің туыстары министрліктің мәлімдемесіне сенбей отыр. Олар жас жігітті соққыға жықты деп санайды.

Ақтаулық белсенді Бибігүл Рамазанға марқұмның жеңгесі хабарласып, сарбаздың анасының сөзін жеткізген. Айтуынша, қайтыс болған сарбаз жеті күн бойы таяқ жеген және бұл туралы бәрі білген.

«Менің балам жеті күн бойы таяқ жеген. Біз қазір Қордай ауданы Отар ауылындағы мәйітхананың жанында тұрмыз. Болған оқиға туралы барлығы білген. Әскери бөлімде болдық, олар бізге ештеңе айтпайды. Мен жылап тұрған екі сарбазды көрдім. Бірдеңе білетін шығар, бірақ үндемейді. Әлібектің әскерге кеткенініне он күн болып еді, дені сау, әдемі, алға қойған жоспарлары бар еді, енді ол ешқашан орындалмайды. Мен барлық дәлелдерді, медициналық тексеруді және барлық құжаттарды жинап, соңына дейін барамын. Ұлымның өліміне кінәлілер жазаланады», - деген марқұмның туыстары.

Әлібек Қалбай 13 сәуірде әскер қатарына шақырылып, медициналық тексерістен өткен. Сөйтіп, 18 сәуірде әскери борышын өтеуге Маңғыстаудан Қордайдағы әскери бөлімге барған. Сарбаз төрт күннен кейін қайтыс болған.

Бүгін маңғыстаулық сарбаз Әлібек Қалбайдың денесі кеше ұшақпен туған жеріне жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама