×

Елімізде миллиондаған теңгенің астығы ұрланған

Ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғалды

 Дастан Жұмабекұлы 14.06.2023 | 12:01
фото: ашық дереккөз

Елімізде миллиондаған теңгенің астығы ұрланған. Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, үш жылдан бері астықты ұрлауға қатысты 17 факт тіркелген.

Астықты ұрлаудың кесірінен бюджеттің ақшасы 10, 3 млн теңге шығынға ұшыраған. Қазір тергеп-тексерудің нәтижесінде бюджетке ұрланған ақшаның 74 пайызы немесе 7,7 млн тенгесі қайтарылған. Бұл қылмыс үш жылдан бері жасалған. Мысалы, 2021 жылы астық ұрлауға қатысты 10 қылмыстық іс  ашылса, 2022 жылы 7 қылмыстық іс тіркелген. Айта кететін бір нәрсе, 2019-2020 жылдары мұндай қылмыстар болмаған. Дәлірек айтсақ, тіркелмеген.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қазір 14 қылмыстық іс сотқа жіберілген. Бір іс тараптардың келісімі бойынша жабылған. Екі іс әлі ашылмай келеді.

Қылмыс Жамбыл (7), Қарағанды, Түркістан (екеуінде төрт қылмыс) мен Қостанай облыстарында жасалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама