×

Павлодарда өрттен алты бала мен төрт ересек адам құтқарылды

Тілсіз жауды 11 адам сөндіріп үлгерді

 Дастан Жұмабекұлы 13.06.2023 | 14:44
фото: pavlodarnews.kz

Павлодар қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, 10 адам құтқарылды.

Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, өрт бүгін түнгі сағат 00.00-ден кете бере Геринг көшесіндегі бес қабатты үйден шыққан. Сағат 00.37 112 пультіне Геринг көшесіндегі үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Өртті сөндіруге төрт техника жұмылдырылды. Тілсіз жауды 11 адам сөндірді.

Өрт сөндірушілер, бірінші қабаттың кіре берісінде 6 шаршы метр аумақта қабырғалардың, кіреберіс есіктің ағаш құрылымдары өртенгенін көріп, бірден 10 адамды сыртқа шығарды. Олар төрт баланы, бір ересек адамды арқалып алып шықты. Одан кейін өрт сөндірушілер  баспалдақпен екінші қабаттан төрт адамды, оның ішінде екі баланы, үшінші қабаттан бір адамды құтқарды.

Өрттің салдарынан бес велосипед, екі арба жартылай зақымданды. Екінші қабатта интернет торабының қосқышы, бірінші қабатта электр сымдарының оқшаулағыштары балқып кетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама