×

Экс-ресейлік футболшы Қазақстан құрамасында ойнамауы мүмкін

Ол жарақатынан әлі айықпаған Асланбек Дарабаевты алмастыру керек еді

 Дастан Жұмабекұлы 13.06.2023 | 13:22
фото: ашық дереккөз

Алматыда Қазақстан ұлттық құрама командасының жаттығуы кезінде еліміздің азаматтығын алған Ресейдің экс-футболшысы Александр Зуевтің жарақат алғаны туралы хабар тарады.

Meta-rating.kz порталының хабарлауынша, футболшы енді Қазақстан құрамасының алдағы екі ойынына қатыспауы мүмкін. Ол жарақатынан әлі айықпаған Асланбек Дарабаевты алмастыру керек еді.

Ұлттық құрама 17 маусымда (Астана уақытымен сағат 00.45) сырт алаңда Сан-Марино командасымен, одан кейін Белфастта 20 маусымда (Астана уақытымен сағат 00.45) Солтүстік Ирландия жасағымен кездеседі.

Александр Зуев маусым айының басында Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрамаға шақырылған болатын.

Осы кезге дейін Зуев Ресейдің «Спартак» (Мәскеу), «Рубин» (Қазан), «Ростов» (Ростов на Дону), Мәскеудің түбіндегі Химки қаласының «Химки» клубы мен «Крылья Советов» (Самара) командаларында ойнаған.

2013 жылы Ресей құрамасы сапында 17 жасқа дейінгілер арасында Еуропа чемпионы атанған. 2016 – 2017 жылдардағы футбол маусымында Мәскеудің «Спартак» жасағының құрамында Ресей чемпионы болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама