×

Кәсіпкерлікті дамыту жобасы бойынша 230 мыңнан аса адам жұмысқа орналасты

Жыл басынан бері 2 мыңнан аса грант берілді

 Динара Амантай 12.06.2023 | 09:15
Фото: elements.envato.com

Биыл 1 маусымдағы жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 352,6 мың адам қатысты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жобаға қатысқан 233,1 мың адам жұмысқа тұрып, оның 100,1 мыңы тұрақты жұмысқа орналасқан.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 133 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 14,6 мың адам, жастар практикасымен 8,6 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 94,8 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 3,9 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 140 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 11 мың адам жұмыспен қамтылды. Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 25,2 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 22,8 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 88,3 мың адам қамтылды, оның ішінде 66,7 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды. Қызмет саласын таңдау мақсатында 64,7 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, 2023 жылы Ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Жыл басынан бері 2 мың 615 грант берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама