Абай облысындағы өрттің түтіні Жетісуға жетті

Дәурен Ерболат

Желдің бағыты өзгерген

Фото: instagram/minecology_kz

Абай облысында шыққан өрттің түтіні Жетісу өңіріне жетті, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары! Абай облысындағы алапат орман өрті тіркеліп, оның түтіні өңірге жетті. Себебі, желдің бағыты өзгерген. Осыған байланысты сабырлы болуды, маска тағуды сұраймыз. Тыныс алу ауруы бар адамдарға және қарттарға үйден шықпауға кеңес береміз, – деп жазылған хабарлама.

Еске салайық, Абай облысында алапат өрт болып, 14 адам қаза тапқан еді.