Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі қайда өтеді

Халық үні

Сапарбаевтың Көкшетауда демалыс орнында қайтыс болғаны айтылды

фото: ашық дереккөзден

Бүгін өмірден өткен саясаткер Бердібек Сапарбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі қайда өтетіні белгілі болды. 

Мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты 11 маусым күні Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында сағат 10:00-де шығарып салады.

Өткен жылы Жамбыл облысыны әкімі қызметінен кеткеннен кейін еңбек демалысына шыққан Б.Сапарбаев Көкшетауда демалыс орнында қайтыс болғаны айтылды. Биылдан бастап Мемлекеттік басқару академиясында магистрантарға дәріс оқыған ол өзінің мол тәжірибесімен бөлісіп үлгермеді.  

Бұған дейін Бердібек Сапарбаевтың отбасы мен жақындары Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айту жеделхатын жолдаған еді.