×

Астанада су қысымын арттыратын құбырдың жаңа тармағы іске қосылды

Қалада су тапшылығы мәселесі толық шешіледі

 Динара Амантай 10.06.2023 | 18:00
Фото: Астана қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада су қысымын арттыратын құбырдың жаңа тармағы іске қосылды. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасына жазды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Достар! Кешелі бері үйлеріңізде су қысымы артқанын байқаған боларсыздар. Осыған дейін айтқанымдай, қалада 2021 жылдан бастап Астана су қоймасынан су өткізетін құбырдың жаңа тармағы және ауыз су станциясы (ССС-3) салынып жатыр. Кеше су құбырының жаңа тармағы іске қосылды. Бұл тұрғын үйлердегі ауыз судың тиісті қысымын және жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ауыз су станциясының (ССС-3) бірінші кезеңі маусым айының соңында аяқталады. Осыдан кейін қалада су тапшылығы мәселесі толық шешіледі. Құрылыстың екінші кезеңі тамыз айында аяқталады, бұл алдағы 3-4 жылға қажетті қосымша су беру қуатын қамтамасыз етеді, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Бұған қоса әкім Нұра жерасты су кен орнынан су құбырын жобалау және Телман елді мекенінде ССС қуатын кеңейту бойынша жобалау жұмысы аяқталып жатқанын юеткізді. Бұл жобалар алдағы уақытта Астананы ауыз сумен қамтамасыз етуге қажет қосымша қуат береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама