×

Ақмола облысында 400-ден аса шетелдік Қазақстан азаматтығынан айырылды

35 жастағы әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды

 Динара Амантай 10.06.2023 | 10:50
Фото: ашық дереккөз

Жыл басынан бері Ақмола облысында 400-ден аса шетелдік азамат ҚР азаматтығынан айырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, өңірде 5 айдың ішінде 451 шетелдіктің азаматтығынан айырылуы тіркелген. Өңірде мамыр айында заңда белгіленген мерзімде басқа мемлекеттің азаматтығын алу дерегі туралы хабарламаған азамат анықталды. 35 жастағы әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Конституциясының 10-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңының 3-бабына сәйкес, Қазақстан азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын мойындамайды. Яғни шетелдік азамат бір мезгілде Қазақстан Республикасының азаматы бола алмайды.

Азаматтық саласындағы заңнаманы бұзған адам ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабына сәйкес, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады немесе оны Қазақстаннан тыс жерлерге шығарып жіберуі мүмкін. Қазақстан азаматтығынан айырылған адамның Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлігін пайдалануы жеке тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама