Абай облысындағы өрт: 2 облыстың әскери қызметкерлері жұмылдырылды

Динара Амантай

Жылжымалы басқару пункті қосымша жіберілді

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Абай облысында 3 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін ТЖ министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес таңғы сағат 4-те өрт орнына Қарағанды мен Алматы облыстарынан ҚР ТЖМ 52859 және 28237 әскери бөлімдердің әскери бөлімдердің әскери қызметкерлері өрт орнына жіберілді.

Қазір Абай облысында 3 учаскеде: Поднебесное, Успенка ауылдарында, Каштак орманшылығында өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ аэровизуалды тексеру жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар өрт орнына арнайы байланыс құралдарымен жарақтандырылған жылжымалы басқару пункті қосымша жіберілді. Басқару органы ол жерден де төтенше жағдай аймағында өз функцияларын жүзеге асыратын болады.