Алматыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

Халық үні

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды

фото: egemen.kz

Алматыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі. 

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, 8 маусым күні рейске шығатын пойыздарды тексеретін Алматы-2 теміржол стансасының техникалық паркінде маневрлік жұмыстарды орындау кезінде вагондардың бірінің қос доңғалағы шығып кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Пойызда жолаушылар болған жоқ.

«Жолға шығатын пойыздың орнына жедел басқасы ұйымдастырылып, кесте бойынша жөнелтілді.Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды», - делінген хабарламада.