Halyq Uni логотип
×

«Реалдан» тағы бір «Алтын доп» иегері кетіп жатыр

Модрич Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында ойнауы мүмкін 

 Дастан Жұмабекұлы 07.06.2023 | 12:07
«Реалдан» тағы бір «Алтын доп» иегері кетіп жатыр
фото: ашық дереккөз

Мадридтің «Реал» клубынан тағы бір «Алтын доп» иегері кетіп жатыр деген хабар жетті.  

Sport24-тің хабарлауынша, Хорватия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы, 2018 жылғы әлемнің үздік футболшысына берілген «Алтын доп» сыйлығының иегері Лука Модрич мадридтік клубтан кетеді.

Ол Сауд Арабиясы клубымен келісімшартқа отырады. Келісім 3 жылға жасалады. Бірақ Модричтің болашақта қай клубта ойнайтыны әзір айтылған жоқ.

Айта кетсек, Лука Модрич «Реал» клубында 2012 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оның командамен келісімшарты 2023 жылдың 30 маусымына дейін жасалған. Ол осы маусымда Ла Лигада 33 ойынға қатысып, 4 гол салып, 3 нәтижелі пас берген.

Бұған дейін Модричті Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы шақырған болатын. Қазір оның жасы 37-де. Соған қарамастан футболшы Хорватия ұлттық құрамасынан шақырту алып, келесі жылы өтетін Еуропа чемпионатына қатысқысы келеді.

Модрич екі рет әлем чемпионатының жүлдегері атанған. 2018 жылы Ресейде өткен әлемдік доданың күміс медаль иегері атанса, былтыр Катарда жалауы желбіреген мундиальдың қола жүлдесін жеңіп алған.

Еске сала кетсек, 6 маусымда «Реал» клубынан Карим Бенземаның кеткенін жазған болатынбыз. Ол Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» командасымен 2 жылдық келісімшартқа отырды. Сол бойынша Араб түбегінің жасағы футболшыға 2 жылда 200 млн еуро төлейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама