×

Бензема жаңа клубты таңдады

«Әл-Иттихад» футболшыға 2 жылға келісімшарт ұсынып, 200 млн еуро санап береміз деп отыр

 Дастан Жұмабекұлы 05.06.2023 | 17:23
фото: ашық дереккөз

Испанияның «Реал» (Мадрид) клубының бұрынғы шабуылшысы Карим Бензема жаңа клубты таңдады. Оның таңдауы Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» командасына түсті. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.

Оның айтуынша, Карим Бензема жаңа командамен келісімшарттың негізгі құжаттарының жартысына қол қойған. Енді ол 2025 жылдың маусымына дейін Сауд Арабиясының лигасында ойнайтын болады.

Барлық мәселе шешілді. Карим Мадридте жанкүйерлермен қоштасқаннан кейін Араб түбегіне жолға шығады. Міне, мәселе осылай шешіліп жатыр, – деді ол.

Бұған дейін былтырғы «Алтын доп» сыйлығының иегері Испанияның «Реал» (Мадрид) клубымен қоштасатынын айтып, ресми түрде қоштасу рәсімін 6 маусымға жоспарлаған болатын.  

Карим Бензема Мадридтің «Реалында» 14 жыл ойнап, 25 түрлі турнирлер мен жарыстардың жүлдесін жеңіп алды. Оған Араб түбегінің «Әл-Иттихад» клубы 2 жылға келісімшарт ұсынып, 200 млн еуро санап береміз деп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама