×

Регбиден Қазақстан құрамасы турнирде жеңімпаз атанды

Команда жеті ойынның бәрінде жеңіске жетті

 Дастан Жұмабекұлы 06.06.2023 | 14:27
фото: ашық дереккөз

Регбиден Қазақстан əйелдер құрамасы Нидерландтың Амстердам қаласында өткен Amsterdam Sevens халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

Ел құрамасы 7 ойынның барлығында жеңіске жетті. Құрама команда Латвия мен Нидерландтың жоғарғы дивизионындағы клубтарды да жеңді.

Әйелдер құрамасы былтыр да осы турнирде жеңімпаз атанған болатын. Ал 2019 жылы «Алматы» клубы турнирдің жеңімпаз тұғырына көтерілді.

Айта кетсек, Amsterdam Sevens турнирінің 50 жылдық тарихы бар. Жарыс Еуропадағы беделді турнирдің бірі саналады. Турнир алғаш рет 1972 жылы болған.

Бұдан бұрын Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама