×

Оралда жабық базар өртеніп жатыр

Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімдерінен 23 адам 5 техникамен жұмыс істеп жатыр

 Халық үні 04.06.2023 | 23:50
фото: ашық дереккөзден

Орал қаласында «Бәйтерек» жабық базары өртеніп жатыр, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті. 

Ведомство мәліметінше, оқиға 4 маусым күні Әбілқайыр хан даңғылы 80/2-мекенжайында болды.

«Сағат 22.53-те «Бәйтерек» жабық базарының сауда павильоны жанып жатқаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімдерінен 23 адам 5 техникамен жұмыс істеп жатыр. Өрттің неден шыққаны, жалынның қанша аумақты шарпығаны анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама