Қазақстандық боксшы қарсыласын 1-раундта нокаутқа түсірді (ВИДЕО)

Еркеғали Болатұлы

Жетінші рет жеңіске жеткен ол мансабындағы алғашқы титулын иеленді

фото: видеодан скриншот

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Александр Ковригин Германияның Эбербах қаласында өткен бокс кешінде титулдық жекпе-жек өткізді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Ол польшалық Петр Гуделмен жұдырықтасты. Екінші жеңіл салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған еді, алайда кездесу мерзімінен бұрын аяқталды. Өйткені бірінші раунда Александр Ковригин қарсыласын нокауқта жіберді.

Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері BDB International нұсқасы бойынша чемпион атанды. Бұл – жетінші рет жеңіске жеткен Александр Ковригиннің мансабындағы алғашқы титул.

Айта кетейік, 22 жастағы отандасымыз 2021 жылдың ақпанынан бастап кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүр. Ол барлық кездесуін Германияда өткізген.