Президент халықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Еркеғали Болатұлы

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы

фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады.

Президент қазақстандықтарды құттықтай отырып, рәміздерді қадірлеу әр азаматтың парызы екенін алға тартты.

Барша отандасымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы! – деп жазылған құттықтауда.