Қайтыс болған сенатордың орнына СҚО атынан кім депутат болғаны белгілі болды
27 қаңтарда Сенат депутаты болып сайланған Гүлмира Кәрімова 46 жасқа қараған шағында қайтыс болды
2023 жылдың қаңтарында Солтүстік Қазақстан облысынан Сенат депутаты болып сайланып, көп ұзамай қайтыс болған Гүлмира Кәрімованың орнына жаңа депутат сайланды.
2 маусымда қайтыс болған Гүлмира Кәрімованың орнына Солтүстік Қазақстан облысынан Сенат депутаттығына сайлау өтті.
Сенат депутатын жасырын дауыс беру арқылы облыстық мәслихаттардың депутаттары сайлайды. Оған 193 депутат қатысқан.
Сенат депутаттығына облыстан екі үміткер болды. Дауыс беру нәтижесінде облыстағы Amanat филиалының төрағасы Әсем Рахметова Солтүстік Қазақстан облысынан сенатор болып сайланды. Ол сайлаушылардың 74,4 пайыз дауысын алды.
Естеріңізге сала кетсек, 27 қаңтарда Сенат депутаты болып сайланған Гүлмира Кәрімова 46 жасқа қараған шағында қайтыс болып, оның депутаттық өкілеттігі тоқтатылды. Оған алдын ала «анафилаксиялық шок» деген диагноз қойылды. Дегенмен, кейін Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Гүлмира Кәрімованың өліміне тікелей себеп жүрек талмасы екенін мәлім етті.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев депутат Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты тергеу жүргізілмейтінін айтты.