×

Қазақстан ұлттық құрамасының нақты тізімі жарияланды

Алдағы матчтарға 27 футболшы барады

 Дастан Жұмабекұлы 01.06.2023 | 08:19
фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 16 маусымда Сан-Мариномен және 19 маусымда Солтүстік Ирландия командаларымен өтетін Еуро-2024 іріктеу матчтарына шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады.

Қорытынды тізімге 27 футболшы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де «Ордабасы»), Александр Марочкин («Тобыл»), Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Абзал Бейсебеков (барлығы «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Химки», Ресей), Еркін Тапалов («Қызылжар»);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Тобыл»), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де «Ақтөбе»), Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат (барлығы «Астана»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де «Астана»), Артур Шушеначев, Вячеслав Швырев (екеуі де «Қайрат»);

Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас жаттықтырушы, Евгений Коструб – бас жаттықтырушының көмекшісі, Руслан Балтиев – бас жаттықтырушының көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – сарапшы жаттықтырушы.

Оқу-жаттығу жиыны 8 маусымда Алматыда басталады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сырт алаңда екі матч өткізеді. 16 маусымда ұлттық құрама Сан-Мариномен Италияның Парма қаласында кездеседі. Ойын «Эннио Тардини» стадионында Астана уақытымен 00:45-те басталады.

Үш күннен кейін еліміздің бас командасы Солтүстік Ирландиямен ойнайды. Кездесудің басталуы Астана уақытымен сағат 00:45-ке жоспарланған. Матч Белфаст қаласындағы «Уиндзор Парк» стадионында болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама