Halyq Uni логотип
×

Ақтөбе облысының әкімі коронавирус туралы кітап жазып жатыр – Ажар Ғиният

Ералы Тоғжанов 2020-2022 жылдары Үкімет жанынан құрылған ведомствоаралық комиссияны басқарды

 Дәурен Ерболат 29.05.2023 | 12:15
Ақтөбе облысының әкімі коронавирус туралы кітап жазып жатыр – Ажар Ғиният
Ажар Ғиният, фото: Halyq Uni

Бұрынғы вице-премьер – қазіргі Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов коронавирус пандемиясы кезінде Қазақстанда індетке қарсы қандай жұмыс атқарылғаны жайлы кітап жазып жатыр. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан «Пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі» атты халықаралық форумда Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазір коронавирус пандемиясына байланысты кітап шыққалы жатыр. Сол кездегі Үкімет жанынан құрылған (коронавирусқа қарсы) ведомствоаралық комиссиясының басшысы (вице-премьер) Ералы Тоғжановтың бастауымен (COVID туралы) кітап әзірленіп жатыр. Ол кітаптың да тұсаукесері болады. Кітапта (коронавирус пандемиясы кезінде) елімізде атқарылған жұмыстар баяндалады, - деді министр.

Айта кетейік, форум аясында «QazVac: Тайталас» кітабының тұсауы кесілді. Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарья кітаптың жас ғалымдарға көмек болатынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама