×

Коронавирустан аман қалғандар президентке алғыс айтуы керек – QazVac авторы

QazVac вакцинасын 6 млн-ға жуық адам салдырған

 Дәурен Ерболат 29.05.2023 | 10:27
Күнсұлу Закарья, фото: Halyq Uni

Коронавирустан аман қалған қазақстандықтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтуға тиіс. Бұл туралы QazVac авторларының бірі, Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарья айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Ұлттық биотехнология орталығында «QazVac: Тайталас» кітабының тұсаукесер рәсімі отты. Жиында Күнсұлу Закарья кітаптың жас ғалымдарға көмек болатынын атап өтті.

Ғылымға барамын дегендерге «QazVac: Тайталас» кітабы үлкен күш береді деп үміттенемін, - деді ғалым.

Сондай-ақ ғалым QazVac вакцинасын салдырған 6 млн-ға жуық адамға алғыс айтты.

«Оларға ерекше алғысымды айтқым келеді. Олар біздің вакцинаға сенді. Маған кейбір адамдар қоңырау шалып, вакцинанын күтіп отырғанын, қашан дайын болатынын сұрады. Бізге сенім артқандарыңыз үшін рақмет айтқым келеді», - деді Ұлттық ғылым академиясының президенті.

Ғалымның пікірінше, коронавирустан аман қалғандар мемлекет басшысына алғыс айтуға тиіс.

«Бір жағдайды ешқайсымыз ұмытпауымыз керек. Осы дерттен, аурудан, мүмкін өлімнен сақтап қалған тек біз емеспіз. Ең бірінші бәрімізді сақтап қалған біздің мемлекет басшымыз, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Оны ашық айтамын. Мен ешкімнің алдында жалпақтаған адам емеспін. Жағдайға басынан аяғына дейін куә болдым. Ол осы процесте өзі тапсырма беріп, өзі жағдайды қатаң бақылауға алды яғни, бәріміз аман қалған адамдар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үлкен алғыс айтуымыз керек. Менің Президентке алғысым шексіз», - деді QazVac авторының бірі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама