Бокстан Қазақстан құрамасының IBA рейтингіндегі орны анықталды

Еркеғали Болатұлы

Ұлттық құраманың еншісінде 81 мың ұпай бар

фото: ашық дереккөз

Халықаралық бокс қауымдастығы рейтингінде Қазақстан құрамасы көш бастап тұр. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Көш басында тұрған Қазақстан құрамасында 81 мың ұпай бар.

Ал рейтингтің екінші сатысына Өзбекстан жайғасқан. Көрші ел 60 800 баллға ие.

Үздік үштікті 58 050 ұпаймен Ресей қорытындылады. Сонымен қатар үздік ондықтың қатарында Үндістан, Куба, Бразилия, Италия, Түркия, Мексика және АҚШ бар.