×

Елімізде коронавирусқа қатысты шектеулер алынып тасталды

Дегенмен COVID-19 инфекциясы толық жойылған жоқ, - делінген хабарламада

 Дастан Жұмабекұлы 29.05.2023 | 09:40
фото: ашық дереккөз

Елімізде коронавирусқа қатысты шектеулер алынып тасталды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 пандемиясының аяқталуы, Қазақстанда және әлемде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы туралы хабарлауына байланысты, білім беру ұйымдарында, сондай-ақ «Ashyq» жобасында халықтың арасында коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі шектеу шараларын көздейтін Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының күші жойылды.

Осылайша, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 19 мамырдағы №5 қаулысына қол қойылды. Осы қаулының толық мәтінімен Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында танысуға болады, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирусқа қатысты шектеулер алынып тасталғанмен, COVID-19 коронавирус инфекциясы жойылмағанын хабарлады.

Вирустың таралуы жалғасып жатыр. Бірақ індеттің салыстырмалы түрде жеңіл ағымын ескере отырып, кейін халықтың сырқаттануын бақылау басқа вирустық инфекциялармен қатар тұрақты негізде іске асатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама