Елордада тағы 12 автобустың бағдары өзгерді

Еркеғали Болатұлы

Өзгерген қозғалыс сызбасымен сілтемедегі сурет арқылы танысуға болады

фото: ашық дереккөз

«City Transportation Systems» ЖШС Астана қаласында жолаушылар тасымалдайтын 12 автобустың бағдары өзгергенін мәлімдеді.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №15, 15А, 18, 26, 35, 43, 46, 54, 56, 60, 70, 314 автобус бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - деп жазылған компания хабарламасында.