×

«Атырау — Алматы» жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді

Атыраудан Шымкентке қарай келе жатқан жас ананы жолда толғақ қысқан

 Динара Амантай 27.05.2023 | 09:47
Фото: aikyn.kz

«Атырау — Алматы» жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 мамырда №29/30 жолаушылар пойызының бригадасының қызметкерлері Атырау – Алматы бағыты бойынша жолаушыға босану кезінде көмек көрсеткен.

Атыраудан Шымкентке қарай келе жатқан жас ананы жолда толғақ қысқан. Осы кезде жолсеріктер Жанар Тасмағамбетова, Айғаным Сұлтанмұратова және Ғалия Қайырденова пойыз вагонында жүкті әйелдің аман есен босануына барлық жағдайды жасады. Сағат 21:52 минутта сәби дүниеге келді.

Нұсқауға сәйкес жолсеріктер күтпеген жағдай болғанда пойыз машинисіне хабар беріп, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырды. Пойыз Қазалы станциясына келіп тоқтағанда сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қарсы алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама