×

Алматы облысында үйге терезеден кіріп, 4 млн теңгенің алтынын ұрлағандар ұсталды

Күдіктілер үйге терезе арқылы кірген

 Халық үні 23.05.2023 | 08:33
Фото: видеодан алынды

Алматы облысының полицейлері ірі ұрлықтың бетін ашты, деп хабарлады polisia.kz.

7 сәуірде Қонаевтағы полиция басқармасы Шеңгелді ауылының 55 жастағы тұрғыны үйден алтын бұйымдарын ұрлаған бейтаныс адамдарға қатысты шара қабылдау туралы жазбаша арызданған.

Тергеу-жедел тобы күдіктілердің үйге пластикалық терезе арқылы кіріп, жалпы сомасы 4 миллион 170 мың теңге көлемінде ұрлық жасағанын анықтады.

Дерек облыс орталығының полициясында ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша тіркелді.

1992, 1997 және 1996 жылғы күдіктілер анықталды. Қазір олардың барлығы қамауға алынды. Күдіктілер Қонаев аумағында төрт ұрлық дерегін жасағанын және көршілес өңірдегі үш эпизодты мойындап отыр. Тергеу іс-шаралары жүріп жатыр. Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама