×

Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігі ашылды

Ашылу рәсіміне Өзбекстан мен Қазақстан президенттері қатысты

 Халық үні 06.12.2021 | 18:40
Фото: akorda.kz

Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында екі елдің президенттері Нұр-Сұлтан қаласындағы Өзбекстан елшілігінің жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Елшілік ғимараты Тәуелсіздік даңғылының бойында, «Хазірет Сұлтан» мешітіне жақын жерде орналасқан.

Мемлекеттер басшылары салтанатты шарада лента қиған соң, Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев елшіліктің жаңа ғимаратын аралап шықты.

Жиын соңында Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама