×

Балқашта мектеп оқушысы полицияға жалған ақпарат берген

Баланың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды

 Дастан Жұмабекұлы 19.05.2023 | 09:12
фото: ашық дереккөз

Балқашта мектеп оқушысы полицияға белгісіз адамдардың оқу орнының территориясына жарылғыш зат қойып кеткені туралы жалған ақпарат берген.

ІІМ экстремизмге қарсы күрес департаментінің бірінші басқарма бастығы Алмас Талқанбаевтың айтуынша, Балқаш қаласының полициясына белгісіз адам хабарласып, мектептердің бірінде террористердің жүргені туралы айтқан.

Оқиға орнына полиция органдарының жедел-тергеу тобы мен өзге де жедел қызметтердің өкілдері жетті. Абырой болғанда, ақпарат расталмады, – деді ол.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Балқаш полициясы жалған ақпарат берген 8-сынып оқушысын анықтады. Ол дене шынықтыру сабағында өзінің сыныптасының телефонын алып, ойын ретінде полицияға террористер туралы жалған ақпарат берген.

Оқушы ата-анасымен және мектеп қызметкерлерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін баланың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама