×

Таразда да бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлеріне пәтердің кілті табыс етілді

Спортшылардың жеке жаттықтырушылары да марапатталды

 Дастан Жұмабекұлы 18.05.2023 | 14:49
Фото: ашық дереккөз

Таразда бокстан Өзбекстанда өткен әлем чемпионатының жүлдегерлері Асыланбек Шымбергенов пен Дулат Бекбауовқа құрмет көрсетілді.

Оларды Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов әлем чемпионатындағы жетістіктерімен құттықтады. Сондай-ақ ол боксшылардың жеке жаттықтырушылары – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпеков пен жаттықтырушы Ермек Ертаевтың еңбектерінің зор екенін айтып, құрмет көрсетті.

Кездесуде өңір басшысы боксшылардың ата-аналарына да алғыс айтып, әлем чемпионатының жүлдегері атанған перзенттеріне Тараз қаласынан пәтер берілетінін жеткізді

Осы жерде облыс әкімі әлем чемпионы Асыланбек Шымбергеновке – үш бөлмелі, Дулат Бекбауовқа екі бөлмелі пәтердің кілттерін табыс етті. Одан кейін Шымбергеновтің жеке жаттықтырушысы Ермек Ертаевқа 5 млн теңгенің, Бекбауовтың жеке жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпековке 3 млн теңгенің сертификаттарын тапсырды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан мен оның жеке жаттықтырушысы Илияс Оралбековке сый-сыяпат жасағанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама