×

Муралдарға ресми мәртебе бермесе, мәселе шешілмейді – Ерболат Досаев

Аудандар бойынша муралдардың тізімі жасалып, анықталады

 Динара Амантай 18.05.2023 | 11:49
Фото: nur.kz

Алматы қаласының әкімі муралдармен болған жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімі Ерболат Досаевқа кездесу барысында Алмалы ауданының тұрғыны муралдарға қатысты сұрақ қойды.

 Муралдар төңірегіндегі дауға байланысты қаланың келбеті жеке компаниялардың шешімдерінен зардап шекпеуі үшін тәуелсіз көркемдік сараптама жасауға бола ма? – деп сұрады қала тұрғыны.

Ерболат Досаев муралдарға қатысты мәселе оларға ресми мәртебе берілмесе шешілмейтінін жеткізді.

Қазір Алматының дизайн-кодын әзірлеу аяқталып жатыр. Онда мұралдар бөлініп, жарнаманы орналастыруға және өзгерістерге байланысты мәселелер қала құрылысы және урбанистика басқармасымен келісілуге тиіс. Өкінішке қарай, Coca-cola жарнамасына қатысты мәселе ЖПБ салдарынан болған. Өкілдер өзара шартқа қол қойып, қосымша 1,5-2 млн теңге алады. Ал компания үйдің қабырғасында жарнама орналастырып, оны «біздікі» деп мәлімдеген. Расында да бүгінде муралдармен не істеуге болатыны туралы нақты ережелер жоқ. Қалада әртүрлі муралдар бар: қорғалуы керек көркем шығармалар, бірақ бір уақытта әртүрлі себептермен пайда болғандар да бар. Олар қалаға көрік бермейді. Біз аудандар бойынша муралдардың тізімін жасаймыз және анықтаймыз. Муралдарды заңдастыру қажет. Қаладағы ғимараттардың бос сұр қабырғаларына көрік беру үшін біз суретшілермен жұмыс істейміз, – деді әкім.

Сондай-ақ ол осы мәселеде көмектесуге дайын екендігін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама