×

«Найзағай ойнап, жел күшейеді». Алматылықтарға ескерту жасалды

Үйден шықпауға тырысыңыз, ал далаға шықсаңыз, сақ болыңыз

 Дәурен Ерболат 18.05.2023 | 09:49
Фото: zakon.kz

Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, қалада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

18 мамырда Алматыда найзағай ойнап, қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, оның екпіні секундына 18-23 метрге жетеді, - деп жазылған хабарламада.

Сондықтан ТЖД алматылықтарға сақ болуға кеңес береді:

  • Ғимараттардан шығуды шектеу (мүмкіндігінше үйде болу);
  • Үйде болсаңыз, терезелер мен есіктерді мықтап жабыңыз;
  • Ауладан, ашық балконнан және лоджиядан үйіңізге зиян келтіруі мүмкін тұрмыстық заттарды алып тастаңыз;
  • Көшеде жүргенде жақын кіреберісте немесе дүкенде жасырынуға тырысыңыз;
  • Билбордтың, ағаштың астында, құрылысы аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды. Өйткені шатырдан шифер мен басқа материалдар құлауы мүмкін;
  • Қатты жел соққанда электр желілерінің астында тұрмаңыз! Үзілген электр сымдарына жақындамаңыз. Бұл – өте қауіпті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама