×

Петропавлда көшеден патрондар салынған пакет табылды (ВИДЕО)

Оқ-дәрі атуға жарамды болып шықты

 Дастан Жұмабекұлы 18.05.2023 | 08:56
Фото: ашық дереккөз

Петропавл қаласында көшеден патрон салынған пакет табылды. Оны 35 жастағы қала тұрғыны Ғ.Мүсірепов пен Жамбыл көшелерінің қиылысынан тауып алған. Оқ-дәрі атуға жарамды болып шықты. Ер адам дереу полицияға қоңырау шалып, болған оқиға туралы хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы иір ойықты қаруға арналған 11 оқ-дәрі салынған пакетті тәркіледі.

Сараптама көрсеткендей, 5,56х45 және 7,62х39 калибрлі бұл оқ-дәрілер атуға жарамды болып шықты. Мұндай оқ-дәрі «Сайга», «Вепрь» және басқа да аңшылық карабиндеріне жарамды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама