Белгілі қазақстандық спортшы АҚШ-та қаза тапты

Халық үні

Ол мұхиттың арғы жағына жергілікті командада өнер көрсету үшін аттанған

фото: ашық дереккөзден

Талантты қазақстандық велошабандоз Дінмұхаммед Ұлысбаев 24 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Қазақстан велоспорт федерациясының баспасөз қызметі. 

Отандық спортшының неден қайтыс болғаны қазіргі уақытта анықталып жатыр.

Белгілі болғандай, Дінмұхаммед Ұлысбаев Америка Құрама штаттарында өмірінің соңғы күндерін өткізген. Ол мұхиттың арғы жағына жергілікті командада өнер көрсету үшін аттанған.

Федерация ұсынған ақпаратқа сәйкес, Дінмұхаммед Ұлысбаев мансабында Азия чемпионатының және Әлем кубогының жеңімпаза атанған. Сонымен қатар Жамбыл облысында өмірге келген спортшы Қазақстан біріншілігін бірнеше рет жеңіп алған.