×

Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан командасы бір ойынды жеңіп, екі матчта жеңілді

Бүгін ұлттық құрама Канадамен кездеседі

 Дастан Жұмабекұлы 17.05.2023 | 17:00
Фото: ашық дереккөз

Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы Канадамен кездеседі.

Бұл матч Астана уақытымен 23:20-да басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстан құрамасы В тобында сынға түсіп жатыр. Бұған дейін ұлттық құрама буллиттен Норвегияны 4:3 есебімен жеңген болатын.  Одан кейін Чехиядан 1:5, Швейцариядан 0:5 есебімен ұтылды.

Ал Канада әлем чемпионатында Латвияны 6:0, Словенияны 5:2 есебімен ұтса, Словакияны буллиттен 2:1 есебімен жеңді.

Бұған дейін Қазақстан мен Канада құрамалары төрт рет кездесті. Барлық ойында Канада құрамасының мерейі үстем болды.

Сондай-ақ бүгін В тобында Латвия мен Норвегия командалары күш сынасады. Ал А тобында АҚШ - Австрия, Финляндия - Франция ойнайды.

Әлем чемпионаты 12 мамырда Латвияның Рига және Финляндияның Тампере қалаларында басталды.

Топтық кезең 12-23 мамыр аралығына белгіленген. Финал 28 мамырда болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама