×

Рыбакина бастаған теннисшілер Ролан Гаррос турниріне қатысады

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 49,6 млн еуро

 Дастан Жұмабекұлы 17.05.2023 | 09:39
Фото: ашық дереккөз

22 мамырда Париж қаласында биылғы екінші «Үлкен дулыға» жарысы – Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайыстары басталады.

Іріктеу кезеңінде Қазақстаннан Тимофей Скатов күш сынасады. Негізгі турнирге Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, ерлерден Александр Бублик бірден жолдама алды. Осы турнирге жұптық сында Андрей Голубев, Анна Данилина, Александр Недовесов, Александр Бублик, Юлия Путинцева мен Елена Рыбакина қатысады.

Ролан Гаррос турнирінің жалпы жүлде қоры 49,6 млн еуро болады. Бұл – өткен жылғыдан 12,3 пайыз көп. Алғашқы айналымда жеңіліп қалғандардың өзі 69 мың еуро алады. Ал жеңімпаздар 2,3 млн еуродан табады.

Негізгі жарыс 28 мамырда басталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама