Президент Нұрлан Әбдіровті қабылдады

Динара Амантай

Мемлекет басшысына ОСК жұмысының қорытындылары туралы мәлімет берілді

Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Президентке Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясы жұмысының қорытындылары туралы мәлімет берілді.

Сондай-ақ Нұрлан Әбдіров сайлау жүйесін жетілдіру және сайлау органдарының кәсібилігін арттыру бойынша Орталық сайлау комиссиясының атқарып жатқан жұмыстарының нәтижелерін баяндады.