×

Қырғызстанда қаржы пирамидасын жарнамалағандар жауапқа тартылады

Заңды Жогоргу Кенеш қабылдап, оған президент Садыр Жапаров қол қойды

 Дастан Жұмабекұлы 16.05.2023 | 09:32
Фото: ашық дерккөз

Қырғыз Республикасында қаржы пирамидаларын жария түрде жарнамалаған азаматтар жауапқа тартылады. Енді оларға жауапкершілікті күшейтетін «Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заңға қол қойылды. Бұл туралы sputnik.kg хабарлады.

Қаржы пирамидаларын жарнамалаған азамат 1500-ден 2 мың айлық есептік көрсеткішке дейін (1 718 доллардан 2 290 долларға дейін) айыппұл төлейді.

Заңды 5 сәуірде Жогоргу Кенеш қабылдап, оған президент Садыр Жапаров қол қойды.

Бұған дейін Қырғызстан ІІМ-нің 2022 жылғы деректері бойынша қаржы пирамидаларының заңсыз қызметі фактілері бойынша 1052 қылмыстық іс қозғаған болатын.

Дерекке сүйенсек, қазірдің өзінде қаржы пирамидаларына алданып, зардап шеккен қырғызстандықтардың саны мыңнан асты. Келтірілген материалдық шығынның көлемі – 273 млн сомнан бастап, 1,5 млн АҚШ долларына дейін барады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама