«Утилизация алымына жол жоқ». Алматыда митинг өтті

Халық үні

Олар автокөліктер үшін утилизация алымын мүлде алып тастауды немесе оның мөлшерін 100 мың теңгеден асырмауды талап етті

фото: orda.kz

Алматы қаласында «Утилизация алымына жол жоқ» қозғалысы белсенділерінің ұйымдастыуруымен митинг өтіп, Шоқан Уәлиханов алаңына 100 шақты адам жиналды.

Митингте Санжар Боқаев және Болат Әбілов сынды қоғам белсенділері, ондай-ақ Атыраудан арнайы шақырылған азаматтық белсенді Макс Боқаев сөз сөйледі.

Олар автокөліктер үшін утилизация алымын мүлде алып тастауды немесе оның мөлшерін 100 мың теңгеден асырмауды талап етті.

Митинг ұйымдастырушылары утилизация алымының кесірінен халық жаңа көлік міне алмайтынын, елде ескі көліктердің көбейіп жатқанын айтты.

Еске салайық, 23 ақпанда Үкімет утилизациялық алымның жаңа мөлшерін жариялады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, барлық көлік түрі мен ауыр шаруашылығы техникасы үшін утилизация алымы 50 пайызға төмендейді.