IBA өзбек боксшысын жеңген Махмұд Сабырханға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Халық үні

Боксшымыз финалда айқын басымдықпен жеңіске жеткен болатын 

фото: olimpic.kz

Махмұд Сабырханның әлем чемпионатының финалындағы жекпе-жегі Халықаралық бокс федерациясын таңғалдырды. 

Халықаралық ұйым Instagram-дағы парақшасында «қазақтың Ломоченкосының» өзбек боксшысына қарсы финалдық кездесуін жариялап, «Махмұд Сабырханның техникасы мен қысым жасау сәтін тамашалаңыздар» деген жазба қалдырды.

Кадрдан отандық боксшының ақтық мәредегі өнерін тамашалауға болады.