×

Рыбакина алғаш рет Рим мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

Енді ол 1/4 финалға шығу үшін чехиялық Маркета Вондроушовамен кездеседі

 Дастан Жұмабекұлы 15.05.2023 | 08:00
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет Рим WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты.

Қазақстан теннисшісі үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 57-орында тұрған ресейлік Анна Калинскаямен кездесіп, оны уақытынан бұрын жеңген еді. Олай дейтініміз, Калинская жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартқан болатын. Осы матчта Рыбакина 3 эйс,1 брейк жасап үлгерді. Ал матчтың өзі 35 минут қана болды.

Енді Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 70-ракеткасы, чехиялық Маркета Вондроушовамен кездеседі. Чехиялық теннисші үшінші айналымда күтпеген жерден әлемнің 8-ракеткасы, грекиялық Мария Саккариді 7:5, 6:3 есебімен ұтты.

Қазақстан теннисшісі Калинскаямен ойынның алдында әлемнің 65-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолинимен кездесіп, оны 7:6 (7:4), 6:1 есебімен жеңді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама