×

«Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы»: Тоқаев бокстан әлем чемпиондарын құттықтады

Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс жүлдені жеңіп алды 

 Халық үні 14.05.2023 | 21:07
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады.

Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын! Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы!,  – деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өткен бокстан әлем чемпионатын 4 алтын, 1 күміс жүлдемен аяқтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама