Абылай Мырзахметов 2 айға қамалды
Ол аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінген
Абылай Мырзахметов 2 айға қамалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.И. Мырзахметовке қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге санкциялады, деп жазылған Астана қаласы сотының ресми сайтында.
Айта кетейік, бұған дейін Антикор Абылай Мырзахметовтің ұсталғанын хабарлаған еді. Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінген.