×

Абылай Мырзахметовке кім пара бергені белгілі болды

Абылай Мырзахметовке параны кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың інісі Талғат Боранбаев бергені белгілі болды

 Халық үні 11.05.2023 | 06:26
Фото: kaztag.kz

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовке параны кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың інісі Талғат Боранбаев бергені белгілі болды.

«Абылай Мырхахметовтің ісінде пара беруі мүмкін адам – Талғат Боранбаев, 8 жылға сотталған олигарх Қайрат Боранбаевтың кіші інісі», - деп хабарлады белгілі журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында.

Айта кетейік, кеше кешке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов 30 миллион доллар көлемінде пара алғаны үшін ұсталғаны хабарланды. Антикор ақпаратты растады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама