Трамп сот үкіміне қарсы шықты

Дастан Жұмабекұлы

АҚШ-тың экс-президенті журналисті зорлағысы келген деп айыпталды

Фото: ашық дереккөзден біріктірілген

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп журналист Элизабет Джин Кэролды зорлау ісі бойынша сот үкімін қайта қарауды сұрап, шағым түсірді.

Бұған дейін Нью-Йорк соты Трампты журналисті зорлағысы келіп, қол жұмсады деген шешім шығарған еді. Сот өтемақы ретінде Трампқа 5 млн доллар айыппұл төлеуді міндеттеді. Бірақ экс-президент өзіне тағылған айыпты мойындаудан бас тартып, мұның бәрі жалған деп сотқа шағым түсірді.

Әзірше Нью-Йорк сотының қандай шешім қабылдайтыны белгісіз.

Былтыр қараша айында журналист Элизабет Джин Кэррол өзін экс-президенттің зорлағысы келгенін айтып, сотқа арыз жазған болатын.